Зайнутдинов жаңа позицияға көшуі мүмкін
Ресей чемпионатының ЦСКА командасында доп теуіп жүрген отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов әмбебап ойыншыға айналғаны баршамызға белгілі. Баха алғашында шабуылшы ретінде танылып, кейін өзін жартылай-қорғаушы және қаптал қорғаушысы ретінде көрсетті.
Bobsoccer.ru сайты клубтың бас бапкері Березуцкийдың Зайнутдиновты «Ахматқа» қарсы ойында тіреуші-жартылай қорғаушы ретінде алаңға шығарғанын ескере отырып, ойыншының маусым барысында сол позицияда ойнау мүмкіндігі бар екендігін айтты. Себебі мәскеулік клубта жарақаттармен мәселелер әрқашан да табылады.
![](https://photobooth.cdn.sports.ru/preset/post/9/a9/ec6bda7174c2192801a81c2dbc91d.jpeg?f=webp&q=90&s=2x&w=730)