2 мин.

Сатыбалды Тажиев «Арманым Қазақстан Премьер Лигасында өнер көрсету»

«Арманым Қазақстан Премьер Лигасында өнер көрсету» 

Спортта да, өнерде де, жалпы қай салада болмасын төрткүл әлемді таңдай қақтырған таланттардың көпшілігі ауылдан шыққан. Оған дәлел де жеткілікті. Алайда, ауыл жастарының бәрі елеп-ескеріліп жатырған жоқ. Тасада қалып қойғандары қаншама?! Бағы жанып, жұлдызды тұлғаға айналғандары да жоқ емес. Қандай жағдай болмасын арманы асқақ, талабы таудай қазақтың қара домалақ балалары тек қана биіктен көрінгенін қалайсың. 

Кішкентайынан сиқырлы футбол ойынына қатты қызығып, өмірінің бір бөлігін осынау ғажайып спорт түріне арнаған Атырау өңірінің тумасы Сатыбалды Самиғоллаұлы Тәжиев бүгінде »Кұлсары» командасының футболшысы. Біреулер үшін Еуропа алаңдарында доп тебу арман болса, ал бірі ел чемпионатында бағын сынап көруді көздейді. Сатыбалды да сондай жас футболшылардың бірі. Арманы — Қазақстан Чемпионатында өнер көрсету. Құлсары футбол мектебінің түлегі 17 жасында Кока-Кола былғары доп турниріне қатысып, жүлделі 3 орынға ие болған. Атырау лигасында, Құлсары чемпионатында өнер көрсеткен. Жартылай қорғаушы шебінде ойнайтын ол, 17 нөмірлі жейдемен жасыл алаңға шығып жүр. Қазақстандағы үлгі тұтар футболшысы — Самат Смақов болса, әлем футболынан Криштиану Роналдуды қатты құрметтейді.

Құлсары чемпионатында өнер көрсететін командалар : «Мерей», «Олжа», «НГДУ», «КРНУ», «Қаратон», «Қосшағыл», «Майкөмген», «Қуан», «Өмірзақ», «Құлсары».

Жетістіктері:

2004 жыл — Қалалық әкім Кубогының жеңімпазы2005 жыл — Құлсары чемпионатының жеңімпазы2005 жыл — Облыстық чемпионаттың күміс жүлдегері2006 жыл — Облыстық чемпионаттың қола жүлдегері2007 жыл — Құлсары чемпионатының жеңімпазы2008 жыл — Қалалық әкім кубонының жеңімпазы

2008 жыл — Облыстық чемпионаттың күміс жүлдегері

2009 жыл — Қарағандыдағы Кока-Кола былғары доп додасының қола жүлдегері 2010 жыл — Облыстық чемпионаттың күміс жүлдегері

 2005, 2006, 2008 жыл — Құлсары чемпионатының үздік ойыншысы

 Қарағандыда өткен былғары доп Кока-Кола жарасында 3-ші орын алған сәтінен көрініс.

АтырауПолитехникалық Коледжінің түлегі Сатыбалдының футболмен шұғылданғанына 10 жылдай уақыт болған. Ел біріншілігінде ойқастап жүрген қатарластары секілді ол да өзін толықтай көрсеткісі келеді. Ендеше, ақ жол Атыраудың оғланы. Біз де талапты жастың таланты ашылып, жанкүйердің жүрегінен орын алып, елімізге танымал футболшы болуын тілейміз. 22 жасар футболшының алар асуы алда!