1 мин.

ҚКФЛ жаңа президент сайлады

Бұл қызметке бір ғана кандидат ұсынылды.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы мүшелерінің жалпы жиналысы өтті. Іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды. 

Күн тәртібіндегі көтерілген мәселелердің бірі ҚКФЛ президентін қайта сайлау. 

Лига Жарғысы аясында клубтар бұл қызметке Абраев Олжас Шәкенұлын ұсынды. 

Дауыс беру қорытындысы бойынша Олжас Абраев президент қызметіне қайта сайланды. Ол алдағы екі жыл бойы ұйымды басқаратын болады.