1 мин.

Бачек испандық «Антекера» сапындағы бірінші ресми матч өткізді

20 жастағы қазақстандық вингер Дмитрий Бачек испандық «Антекера» сапындағы алғашқы кездесуін өткізді.

Қазақстандық Испания чемпионатының төртінші дивизионының бірінші турында «Кориямен» сырт алаңда ойнады. Ол ойынның 77-ші минутында ойынға шықты, оның командасы 0-2 есебімен ұтылды.

Естеріңізге сала кетейік, Дмитрий Бачек 24-тамызда «Антекераға» еркін агент ретінде ауысқан болатын. Бұған дейін қазақстандық футболшы Испанияда «Побленсе» сапында ойнаған. Бачек – Қарағандылық «Шахтердің» түлегі. Қазақстан жастар құрамасының сапына шақырылып жүр. Transfermarkt сайты ойыншыны 100 мың еуроға бағалап отыр.