Отандық телеарнамыз Qazsport бүгін УЕФА Конференция Лигасының қос бірдей матчын тікелей эфирде көрсетуі тиіс болатын. Оның бірі - «Маккаби» - «Шахтёр» болса, екіншісі - «Қайрат» - «Фола» кездесуі.
Гана ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Иоахим Адукор «Ақтөбе» ойыншысы атанды. 27 жасар Адукор тіреуші-жартылай қорғаушы қызметін атқарады. Қазақстандық клубқа ауыспас бұрын ол босниялық «Сараево» сапында доп тепкен.
Бірінші Лиганың 14 турынан кейінгі үздік сұрмергендер кестесі жарияланды. «Ақтаудың» осы маусымдағы үздік ойыншысы Мирас Тұрлыбек 13 гол соғып, Молдақараевпен иық тірестіріп келеді.
«Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Небойша Косович, «Астана» клубының қорғаушысы Жарко Томашевич пен шабуылшысы Фатос Бечирай Черногория ұлттық құрамасына шақырту алды.