«Астана» ойыны нашарлай бастаған легионерден құтылмақ
Албаниялық қорғаушы Энео Битри қысқы маусым аралығында «Астанадан» кетуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
25 жастағы футболшы астаналық командаға жазда қосылып, КуПС қақпасына екі гол салды да, клубқа Конфеернция лигасында бір раундтан өтуге көмектесті.
Сонымен бірге, ол ҚПЛ мен Қазақстан кубогында алты матчтен өткізді.
Алайда чемпионаттың соңына таман Битри нашар ойнай бастап, қосалқы ойыншылар қатарында көп отыратын болды.
Енді «Астана» албаниялық футболшыдан құтылып, орнына басқа ойыншы алмақ.
Қазақстандық клубқа келгенге дейін Энео венгриялық «Ференцварош» сапына шақырту алған еді, мажарлық команда былтыр Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне дейін жеткен.