1 мин.

«Ақтөбе» Қазақстан құрамасының қақпашысына қызығушылық білдіруде

Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен клуб ауыстыруы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Meta-ratings.kz ақпараты бойынша, қақпашыға «Ақтөбеге» командасы қызығушылық білдіруде. Қазақстанның бес дүркін чемпионадары қақпашының өкіліне шығып, ресми ұсыныс жасаған. 

Ал Сейсеннің өзі болса қаржылық қиындықтарға қарамастан «Тараз» сапында қалғысы келеді. 

Еске салайық, бұған дейін «Ақтөбе» ұжымы «Қызыл-Жардың» қақпашысы Мирослав Лобанцевке ұсыныс жасаған еді. Алайда ол Петропавлск қаласының командасында қалуды жөн санады. 

Сондай-ақ, «Ақтөбе» сапына ауысуы мүмкін деген қақпашылардың қатарында «Оқжетпестің» бұрынғы ойыншысы Саша Стаменкович те бар.