1 мин.

Босния мен Герцеговина бес ойыншыға сенім арта алмайды

Босния және Герцеговина құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатының Қазақстанға қарсы іріктеу матчы алдында тағы бір сәтсіздікке тап болды.

Босниялықтардың жартылай қорғаушысы Степан Лончар алған жарақатына байланысты 2022 жылғы әлем чемпионатының қазан айындағы Қазақстан мен Украинаға қарсы матчтарына қатыса алмайды.

Лончардан бөлек, Босния мен Герцеговинаға жақын матчтарда түрлі себептермен Миралем Пьянич, Раде Крунич, Матео Сушич және Синиша Саничанин көмектесе алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының Босния мен Герцеговинаға қарсы матчы 9 қазанда Нұр-Сұлтанда өтеді. Басталуы елорда уақытымен сағат 19:00-де.