«Ақтөбе» грузиялық футболшымен қош айтысты
«Ақтөбе» басшылығы футболшының командаға қажеті жоқ деген шешім қабылдапты.
«Ақтөбенің» грузиялық жартылай қорғаушы Заза Цицкишвили өзінің Instagram парақшасында клубтан кеткенін хабарлады.
«Ақтөбе» футбол клубы жанкүйерлерінің үлкен қызығушылығына байланысты мен барлық сұрақтарға ашық жауап беремін және барлығыңызға жеке жауап бере алмағаным үшін кешірім сұраймын. Маған белгісіз себептермен «Ақтөбе» басшылығы мені енді командаға керек емес деп шешті. Мен командадан өзара келісім бойынша кеттім және қазір Грузиядамын, барлығыңызға осынша көңіл бөлгендеріңіз үшін рахмет», – деп жазды футболшы Instagram-да.
Естеріңізге сала кетейік, Цицкишвили «Ақтөбеге» осы жылдың шілде айында қосылды. Осы уақыт ішінде ол бес матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді.
Дереккөз: aladop.kz