Тихонов «Жетісуды» жеңген соң: «Бізде жақсы мүмкіндіктер де, қателіктер де болды»
«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов ҚПЛ-ның 23-турындағы «Жетісуға» (3:1) қарсы ойынды қорытындылады.
«Барлықтарыңызды маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алда ұлттық құрама ойындары алдындағы үзіліс. Кеше біз мінген әуе компаниясы ұшақ рейсін таңертеңнен кешкі уақытқа ауыстырды. Біз Талдықорғандағы стадионда ойын алдындағы жаттығу өткізуді жоспарладық, өйткені бізге табиғи шөпте ойнау керек еді, бірақ қалағанымыздай болмады. Жігіттердің жасыл алаңға бірден бейімделіп кеткені қуантты. Бізде жақсы мүмкіндіктер де, қателіктер де болды», - деді Тихонов.