Ресейлік ойыншы «Шахтёрға» 15 млн. теңге қарыз
Ресейлік «Тамбовтың» экс-ойыншысы Павел Карасев өткен жазда қарағандылық «Шахтёр» клубымен келісім-шартқа отырған және командаға қосылуы тиіс болған. Алайда ойыншы Қарағандыға келмеді де, артынша БАТЭ клубына ауысып кетті.
«Шахтёр» бұл тұста сотқа жүгінді және істі жеңіп шықты. ФИФА Карасевты жарты жылға футболдан шеттетті. Аталған уақыт Павел қарағандылық командаға 30 мың еуро берген жағдайда қысқаруы мүмкін, алайда ойыншы бәрібір де командаға 15 млн. теңгені беруі міндетті болады.