Қазақстан - Украина ойыны жанкүйерлермен өтеді
Қазақстан - Украина ойынының ұйымдастырушылары «Астана Аренаға» стадион сыйымдылығынан 30% жанкүйерді кіргізуге рұқсат берді. Осылайша кездесуді 9 000 - 10 000 шамасындағы көрермен трибунадан тамашалай алады.
Ертең Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері матчқа қағаз жүзінде өз келісімін береді.