«Қайрат» ФК мен қазақстандық бренд ALLOFF шектеулі киім жиынтығын шығарды
Жинаққа ақ және қара түсті жейделер, бүржейде және күртелер енді.
Жинақтағы әр үлгі шектеулі түрде 100 данадан тұрады.
Бұл бірлескен істі жасай отырып, қос тарап та «Қайрат» жанкүйерлері үшін заманауи әрі күнделікті киетін киім жасауға тырысты және осылайша, өз қаласының атын республикалық чемпионатта ғана емес, еуропалық клуб жарыстарында да танытып жүрген клубқа көрермендердің махаббаты мен қолдауын осындай жолмен білдіру мақсатында ынтымақтастық жасады.
Брендтің киімдері Saks Fifth Avenue мен TALAN GALLERY -де ұсынылған, сонымен қатар alibekov.kz сайтынан онлайн тапсырыс беруге болады.