«Ақжайық» тәжірибелі украиндік қорғаушыны қатарына қосты
28 жасар украиндік қорғаушы Виталий Приндета оралдық «Ақжайыққа» ауысты. Ойыншы УПЛ-да «Волынь» клубы сапында 70 матч өткізген. Сонымен қатар, грекиялық «Платаниас» пен «Ламия» клубтарында ойнаған және бір маусым ресейлік «СКА-Хабаровск» құрамында доп тепкен. Өз елінің жасөспірімдер және жастар құрамалары сапында 50-ден астам кездесу өткізген.
![](https://photobooth.cdn.sports.ru/preset/post/0/ae/ddf9432524aad8c407673aef81175.jpeg?f=webp&q=90&s=2x&w=730)