Алматы Конференция Лигасының топтық кезеңіндегі матчтарды қабылдауға рұқсат алды
Алматыдағы Орталық стадион Конференция Лигасының топтық кезеңіндегі матчтарын қабылдау үшін УЕФА талаптарына сай болып шықты. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет мәлімдеді.
Бұған дейін еліміздің бірнеше алаңы УЕФА талаптарына сәйкес келмеген.
Естеріңізге сала кетсек, алматылық «Қайрат» Конференция Лигасының соңғы іріктеу раундын өткізуде. Егер клуб люксембургтік «Фоладан» екі ойын нәтижесімен басым түссе КЛ-дағы жорығын топтық кезеңде жалғастырады.