1 мин.

Украина қақпашысы Қазақстанмен матч алдында коронавируспен ауырып қалды

Бұл жолы «Реал» голкипері Андрей Лунин COVID-19 оң тестін тапсырған.

Украиндар «Астана-Аренадағы» ойынға дейін осымен үшінші қақпашысынан айрылып отыр.

Сәл ертерек БАҚ хабарлағандай, Украина ұлттық құрамасының қос қақпашысы Георгий Бущан мен Анатолий Трубиннің жарақаттарына байланысты командаға көмектесе алмайтындығы белгілі болды.

22 жасар мадридтік клубтың қақпашысы Луниннің коронавирусқа шалдыққаны туралы бүгін «Реалдың» ресми сайты жазды. Украина бас бапкерінің міндетін атқарушы Александр Петраков жоғарыдағы ойыншылардың орнына кеңейтілген тізімнен Денис Бойко, Андрей Пятов пен Дмитрий Ризныкті шақыртып алған болатын.

Еске сала кетейік, әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы 1 қыркүйекте Украинаны қабылдайды.

Tribuna.com