Бердыев 1 ай бұрын «Қайраттың» бапкері атанған
Танымал маман Құрбан Бердыев бүгін алматылық «Қайратпен» маусым соңына дейін келісім-шартқа отырды. Клуб тарапы бапкермен еңбек-шартын тағы 2 жылға созуы мүмкін.
Ал "Спорт-Экспресс" сайты Бердыевтың 1 айдан астам уақыт бойы бапкер ретінде жұмыс істеп келгенін хабарлайды. Ол ойыншылармен жаттығу жұмыстарын жүргізіп, ойынға бастапқы құрам мен тактикалық жоспарды қүрған.