1 мин.

Шевченко Украинаның жаңа бас бапкеріне Қазақстанмен матч алдында сәттілік тіледі

Украина құрамасының экс-бас бапкері Андрей Шевченко бұрынғы шәкірттеріне алғыс айтып, ұлттық команданың жаңа бапкерлік штабына сәттілік тіледі.

«Мен Украина құрамасының әрбір футболшысына алғыс айтқым келеді. Мен ол ойыншылармен жарқын да сәтті жолды кешіп өттім, бұл сара жол бізді Еуропаның үздік сегіз командасының қатарына қосты. Бұл менің өмірімдегі естен кетпес бес жыл болды. Бізді бір мақсат біріктірді және біздер бірлесе отырып соған ұмтылдық. Қолдауларыңа рақмет! Мен сендер үшін әркез жанкүйер болмақпын. Сендерге Украина құрамасының жаңа бапкерлік штабымен бірге жеңістер мен жетістіктер тілеймін», — деп жазды Шевченко өзінің «Инстаграм» парақшасында.

Еске сала кетейік, Украина құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Шевченко кетісімен Александр Петраков тағайындалған болатын. Қыркүйекте Украина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында екі матч өткізеді. Команда Қазақстанмен және Франциямен ойнайды. Ойындар тиісінше 1 және 4 қыркүйек күндері өтеді.

«Чемпионат»