7 мин.

Барселонаны жеңудің рецепті: ұзын пастар және қорғаныстағы жинақы ойын. Эль—Класикоға тактикалық талдау

Бүкіл әлем көз тіккен Эль-Класикода Карло Анчелоттидің командасы 3-1 есебімен жеңіске жетіп, турнирлік кестеде 1 ші орынға шықты.

Тактикалық талдау.

Екі команданың құрамында өте көп тосынсйылар болмады. Каталониялық командада қосалқы құрамда қалып жүрген Де Йонг Гавидің орнында болды, ал сол жақ қапталдағы қорғаушы рөлінде тәжірибелі Жорди Альбаның орнына Алехандро Бальде шықты. Арауха жарақатына бауланысты матчқа қатыса алмады.

Мадридттік команда Тибо Куртуа жарақатына байланысты қатыса алмады.

Ойынның бірінші таймын 2 бөлікке бөлуге болады. Алғашқы 20 минут Реал Мадрид жиі шабуыл жасады (12 минутта гол салды). Қалған уақытта жинақылықты (компактность) ұстап, қарымта шабуылдар мен ұзын пастар (длинные передачи) арқылы қауіпті шабуылдар жасап, екінші голын салды.

1 тайм.

Алғашқы 20 минут.

Қысым:

Алғашқы минуттардан бастап Мадриттік команда жақсы қысым көрсетті. Қысымды 3-2-3-2 схемасымен жасады. Бұл жерде Карвахаль, Милитао және Алаба өз орындарында қалды, артқы орталық аймақта Кроос пен Тчуамени ал, алдыңғы орталық аймақты Модрич ұстады. Қапталда Ферлан Менди және Феле Вальверде. Бензема мен Винисиус орталық қорғаушыларға қысым көрсетті.

Шабуылдар:

Шабуылды көбінесе ұзын пастар (длинные передачи) арқылы жасады. Бұл кезекте жартылай қорғаушылар Кроос пен Модрич өздерін жақсы қырынан көрсетті. Бірінші гол осыған дәлел. Кроос допты алып бос аймаққа кіріп, Винисиусқа әдемі пас шығарып береді. Және Сержи Роберто Винисиусты тұсап ұстағандықтан артында бос аймақ қалып отырды, ол аймақты Ферлан Менди жақсы пайдаланып, шабуылдар жасады.

Барселонаның қысымы.

Каталониялық команда 4-3-1-2 схемасымен қысым жасады. Артқы қорғаушылар өз аймақтарында қалады. Ал Рафинья және Дембеле латераль болды. Бускетс артқы, ал Де Йонг алдыңғы орталық аймақтарды ұстады. Педри және Левандовский орталық қорғаушыларға қысым жасады. Бірақ Барселонаның қысымы Реал Мадридке қарағанда агрессивті болды деп айта алмаймыз. Себебі Мадриттік команданың ойыншылары бос аймақтарды жақсы пайдаланып, орталық оймақ арқылы қысымнан шықты.

Ойынның үздік ойыншысы.

Тони Кроос ойынның үздік ойыншысы болғаны сөзсіз. Немістік футболшы қорғаныстада шабуылдада маңызды ойыншы болды. Шабуылды ұзын пасттар арқылы жиі бастағап, қысымнан шығуға үлкен септігін тигізді. Жоғарыда айтып өткендей гол кезінде Винисиусқа жақсы пас шығарып берді. Ал қорғаныста Барселонаның орталық жартылай қорғаушысы Де Йонгты тұсап ұстады (тіпті Де Йонг бірінші тайм бойынша Барселонаның ойыншыларынан ең төмен деңгейдегі көрсеткішті көрсетті).

Қалған 25 минут.

Қалған 25 минутта біз Барсаның Реалдың қорғанысынан өте алмағанын бақыладық. Реал Мадрид қорғаныс кезінде 5-3-2 схемасымен жинақылықты (компактность) ұстады. Бұл жерде Феде Вальверде оң жақ латераль қызметін атқарды, себебі Дани Карвахаль 2 ге 1 жағдайда қалып қалмауы тиіс болды. 2 ге 1 жағдайы: Барсаның сол жақ қорғаушысы Бальде шабуыл кезінде биік ойнады және оған Дембеле көмектеседі. Oсылайша Дембеле мен Бальдеге қарсы 2 ге 1 жағдайда қалып қалатын еді. Ал оң жақ қапталда Сержи Роберто бос аймақ болсада өз аймағын тастап биік ойнау қауіпті болды, себебі ұстап тұрған ойыншысы Винисиус өте қауіпті шабуыл жасауы мүмкін еді.

Левандовскидің рөлі.

Польшалық ойыншы бұл матчта өзінің жақсы ойынын көрсете алмады, бірақ жаман ойнады деп айтуғада келмейді. Себебі Реал Мадридтің қысымынан шығатын кезде жартылай қорғаушылардың аймағына түсіп, допты ойнатты.

2 тайм.

2 таймда дәл бірінші таймдағыдай көріністі бақыладық. Реад Мадрид жиі шабуыл жасап, биік қысым жасаумен болды. Тек 60 минутта Хавидің ойынға жасаған өзгертулері нәтиже алып келді.

Ойынға Гави, Ферран және Альбаны қосу арқылы шабуылға жаңа тыныс берді. Ферран Рафиньяның орнында ойнады, бірақ Рафинья сияқты қапталда емес орталық аймақта көбірек ойнап, Левандовскийге көмек берді. Гави Бускетстің орнына шығып, Барселона орталық артқы жартылай қорғаушысыз қалды. Ал Жорди Альба Сол жақ қапталда Бальдеден қарағанда биік көтерілді (плюстары мен минустары бар). Осылайша Хави былайша айтқанда ва-банкке барды.

Жәнеде өте биік қысым жүйесін көрсетіп, 60-75 минуттарда Реал Мадридті өз жарты алаңдарына қамап тастады. Енді Левандовский орталық қорғаушыларға емес, қашпашыға қысым жасады.

Позициялық шабуыл кезінде Дембеле және Альба қапталдан шабуыл жасады. Роберто оң жақ жартылай қапталда Дембелеге көмек берді. Ферран, Гави және Левандовский Реалдың алаңында доп күтті.

Схема түрінде:

73 минутта Хави Дембеленің орнына Ансу Фатиді шығарды. Бұл ауысу ойындағы ең басты ауысулардың бірі болды, себебі Фати голдық пас берді. Шабуыл кезінде Фати сол қапталда ойнады, ал Дембеленің орнында Ферран болды. Бірақ Ферран қапталдағы орнын диі ұстамай доп сол жақ қапталда болған кезде Левандовскиймен бір аймақта болды.

Барселона өзгертулердің арқасында 1 гол салды. Фатидің қапталынан жасалған шабуыл нәтижелі болды.

Бірақ жоғарыда айтып өткендей Альбаның шабуыл кезінде биік ойнағанының минусы болды. Егер Барселона доптан айырылып қалғанда, дәл сол қапталды жабатын ойыншы болмады. Феде Вальверде осы минусты жақсы пайдаланып, қарымта шабуылға шығып, қауіпті шабуыл жасап, пенальти тапты.

Матчтың соңы, есеп 3-1. Қорытынды. Мадридтік команда ұзын пастарды жиі қооданып, қауіпті шабуылдрар жасады. Және қорғаныс кезінде жинақылықты (компактность) ұстап,  Де Йонгты ойыннан өшіріп тастады десек болады. Артқы орталық аймақта Кроос пен Тчуамени болғандықтан Барселона тек қаптал арқылы ғана шабуыл жасай алды. Барселона тек 60 минуттан бастап қана Хавидуң өзгертулерінен кецін ойынға қосылды, бірақ жеткіліксіз болды.