«Тобыл» – Қазақстан құрамасындағы ойыншылар саны бойынша рекорд жасады. Негізгі тізімде 7 футболшы
Қостанайлық «Тобыл» – 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің қыркүйек ойындарына Қазақстан құрамасына шақырылған ойыншылар саны бойынша рекорд жасады.
Негізгі тізімге 7 ойыншы кіреді: қорғаушылар Сергей Малый, Александр Марочкин мен Руслан Валиуллин, сонымен қатар жартылай қорғаушылар Асхат Тағыберген, Серікжан Мұжықов, Азат Нұрғалиев пен Самат Жарынбетов.
Сонымен қатар, қорғаушы Бағдат Қайыров қосалқы құрам тізіміне енгізілді.