1 мин.

Украина шабуылшысы Қазақстанмен болатын матчқа қатыспауы мүмкін

Украина құрамасының шабуылшысы Роман Яремчук Қазақстанмен болатын матчқа қатыспауы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, бірнеше күн бұрын футболшы вакцина қабылдаған. Нәтижесінде қызуы көтеріліп, құраманың алғашқы жиынына қатысудан бас тартқан.

Егер Роман өзін әлі де жайсыз сезінсе, Қазақстанмен өтетін қонақтағы матчқа қатыса алмайды, дейді аталған дереккөз.

Айта кететін болсақ, Украинаның тағы бір шабуылшысы Артём Довбик алдағы матчтарға қатыспайды.

Украинаның шақыртылған құрамында Яремчук пен Довбиктен бөлек, «Шахтёрдің» 20 жасар шабуылшысы Даниил Сикан бар.