1 мин.

Андрей Лунин Қазақстанмен матч алдында коронавирус жұқтырды

Украина құрамасы мен мадридтік «Реалдың» қақпашысы Андрей Луниннен құрама ойындары қарсаңында коронавирус инфекция анықталды.

Бұл туралы УАФ пен Украина БАҚ өкілдері хабарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылы Катарда өтетін Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Украина құрамалары кездесу өткізеді. Алғашқы матч Киевте тең нәтижемен аяқталған (1:1), ал жауапты матч 1 қыркүйек күні «Астана-Аренада» өтеді.