1 мин.

Қазақстан чемпионатының төрт ойыншысы Қырғызстан құрамасына шақырту алды

Футболдан Қырғызстан құрамасының бас бапкері Александр Крестинин алдағы ойындарға шақырту алған Қырғызстан құрамасының ойыншылары тізімін жариялады.

Қарағандылық «Шахтердың» қақпашысы Артем Прядкин, түркістандық «Тұранның» қос ойыншысы Темірлан Қозыбаев пен Фархат Мұсабеков және алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов Қырғызстан құрамасына шақырту алды.

Қырғызстан 2-7 қыркүйек арасында Палестина және Бангладешпен қатар «Үш ұлт кубогі» турниріне қатысады. Оқу-жаттығу жиындары 23 тамыз басталады.