Құрбан Бердыев «Қайраттың» бас бапкері атанады
Белгілі жаттықтырушының алматылық клубқа оралатын күні жақын.
БАҚ хабарлауынша, Құрбан Бердыев жуық арада «Қайрат» футбол клубының бас бапкері атанады. Оның көмекшісі ресейлік бапкер Дмитрий Кириченко болмақ. «Ростовта» да Бердыевке қолғабыс болған ол тіпті Алматыға ұшып та келген.
Осы күнге дейін Бердыев алматылық клуб қожайыны Қайрат Боранбаевтың кеңесшісі қызметін атқарып келе жатыр.
Құрбан Бердыев 1991-1993 және 1994-1995 жылдары «Қайратты» баптап та үлгерген.
Оңтүстік астаналық команда биылғы маусымда ҚПЛ кестесінде үшінші орында келеді. Сондай-ақ өз тарихында алғаш рет еурокубоктің, яғни Конференция лигасының топтық кезеңіне шығатын мүмкіндікке ие.