1 мин.

Матчтың үздіктері анықталды

Қазақстан мен Украина арасындағы матчқа Sofascore сараптама жүргізіп, үздіктерді анықтады

Тартысты айқастың үздігі болған дубль авторы — Руслан Валиуллин (8.7)

Русланнан бөлек, Азат Нұрғалиев (7.0), Сергей Малый (6.9), Абат Айымбетов пен Асхат Тағыберген (екеуі де — 6.8) жақсы ойынымен көзге түсті.

Сондай-ақ, өз өнерін көрсете алмаған ойыншылар да бар, олар — Исламбек Қуат пен Марат Быстров (екеуі де — 6.4)

Ал, қарсыластар қатарынан үздік болғандар — Ярмоленко (7.7), Роман Яремчук (7.3), Александр Зинченко мен Данил Сикан (екеуі де — 7.4). Олардан «нашар» деп танылған Пятов пен Забарный (екеуі де — 6.6).