1 мин.

Мұртазаев «Балтикадан» кетеді

Роман Мұртазаев калиниградтық «Балтика» сапынан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі instagram pass_goal парақшасына сілтеме жасап.

«Мұртазаев «Балтикамен» келісімшартты үзді», — делінген хабарламада.

Мұртазаев «Балтика» сапында 11 матч өткізген, бірақ қанжығасын майлай алмады.  

Ресейге ауыспас бұрын ол қарағандылық «Шахтер», «Астана» мен қостанайлық «Тобыл» сапында ойнаған.