1 мин.

«Қайраттың» ойыншысы Қырғызстанның ең қымбат футболшысы атанды

Немістің Transfermarkt порталы Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшылардың тізімін жаңартты.

«Қайраттың» ойыншысы Гүлжігіт Алыкуловтың нарықтағы құны 750 мың еуродан 1 миллионға дейін өсті. 

Осылайша ол Қырғызстанның ең қымбат футболшысына айналды. Бұған дейін ең қымбат футболшы болған Валерий Кичин 800 мың еуроға бағаланған.