Реклама 18+

Маусымның үздік шабуылшысы анықталды

Шабуылшы Сергей Квочкин атындағы сыйлықты иеленді.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы маусымды қорытындылауды жалғастыруда. 2021 жылғы маусымның үздік шабуылшысын анықтау мақсатында клуб басшылары, бас бапкерлер және команда капитандары арасында сауалнама жүргізілді.

Ағымдағы маусымнан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы қазақ футболының аңыз ойыншысы Сергей Квочкиннің жүлдесін тағайындады. Бұл марапат жыл сайын маусымның қорытындысы бойынша еліміздің үздік шабуылшысына беріледі. 

2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Қайрат» пен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Артур Шушеначев үздік шабуылшы болып танылды.

23 жастағы ойыншы осы маусымда Қазақстан құрамасында дебют жасап, ел чемпионатында қазақстандық ойыншылар арасында үздік сұрмерген атанды. Шушеначев Чемпионатта 12 гол, Қазақстан кубогінде 5, Суперкубокте бір гол соғып, көзге түсті. Сонымен қатар Артур еурокубоктік ойындарда 4 рет қанжығасын майлады.

«Қайрат» командасының тағы бір ойыншысы Вагнер Лав сауалнама қорытындысы бойынша екінші орынды иеленді. 37 жастағы бразилиялықтың статистикасы жанкүйерлерді таңқалдырмайды, бірақ алматылық клуб қатысқан барлық турнирлерде пайдасын тигізді. Вагнер ел біріншілігінде 7 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Ал еурокубок бәсекесінде 4 гол мен 2 нәтижелі пасты өз атына жазды, сонымен қатар Қазақстан кубогінде 3 гол соғып, 2 рет әріптестерінің көзге түсуіне мүмкіндік жасады.

Үздік үштікті «Тобылдың» шабуылшысы Игорь Сергеев түйіндеді. Күні кеше ғана ел чемпионы атанған Игорь маусымды «Ақтөбеде» бастап, 7 рет қарсылас қақпасын дәл көздеді. Ал «Тобыл» сапында өзінің жеке статистикасын тағы 3 голмен толықтырды. Сонымен қатар кубокте 4 гол және УЕФА Конференция лигасында екі гол соқты.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде
+6
Написать комментарий

Новости

Реклама 18+