1 мин.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Ақтөбеден» кету туралы шешім қабылдады

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаугысы Максим Федин «Ақтөбе» командасынан кетуге жақын, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жаңа маусым алдында Владимир Муханов «Ақтөбе» командасын жаңадан жасақтайтын болады. Сондықтан да Федин келесі маусымды жаңа команда сапында бастайды. 

Биылғы маусымда жартылай қорғаушы Қазақстан чемпионатында 24 кездесуге қатысып, екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Сондай-ақ әлем чемпионатына іріктеу барысында Федин бір кездесуге қатысты. Бірақ маусым аяқталар тұсында ол жарақат алып қалды. 

Айта кетейік, өткен қыста Федин ресейлік «Урал» командасының сапында бақылаудан өткен еді. Алайда 25 жастағы жартылай қорғаушы Екатеринбургтік команда бапкерлерінің көңілінен шықпады.