1 мин.

Александр Москаленко: «Бұл – барша қостанайлықтардың жеңісі»

Бұл бапкер команданы маусым ортасында тізгіндеген болатын.

Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко «Ақжайықпен» өткен (0:2) матчты қорытындылады:

– Бірінші таймның басында психологиялық мәселелерге тап болдық, атап айтқанда қателесуден қорықтық, жеңіске жетудің маңызы жоғары болды. Бірақ тайм ортасына таман жігіттер өзіміздің футболды ойнай бастады. Олардың ойынның әр сәтіне команда ретінде жауап бергендері ұнады. Тыңнан шыққан ойыншылар жақсы көмектесті, олар команданың шабуыл әлеуетін жаңартты.

Ұзақ қашықтықты еңсеріп, ойын барысында қолдау көрсеткен жанкүйерлерге үлкен рахмет! Бұл – бүкіл Қостанайдың және бізді қолдап, уайымдаған әр адамның жеңісі. Осындай маңызды жеңіс үшін командаға рахмет айтқым келеді!