1 мин.

Қазақстан құрамасы қараша айында жолдастық кездесу өткізеді

Бұл ұлттық құрамамыз үшін осы жылдағы соңғы ойын болады.

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Франциядан келгеннен кейін Нұр-Сұлтанда жолдастық кездесу өткізеді.

Қазақстан құрамасының қарсыласы Тәжікстан болмақ. Ойын 16 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Елорда уақытымен 19:00-де басталады.

Бұл матч Қазақстан құрамасы үшін 2021 жылғы соңғы ойын болады. 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Францияға қарсы матч 13 қарашада Парижде өтеді.