1 мин.

«Астана» Тигран Барсегянның орнына жаңа футболшылар іздеуде

Елордалық клуб оның орнына отандық футболшыны алғысы келеді.

«Астана» Армения құрамасының шабуылшысы Тигран Барсегянның орнына бірнеше ойыншыларды қарастыруда, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

28 жастағы футболшының клубпен келісім-шарты жыл соңында аяқталады және Тигран командадан кетеді деп күтілуде.

Осыған ескере отырып, «Астана» оны алмастыру үшін әлеуетті үміткерлермен келіссөздер жүргізе бастады. Оның ішінде қазақстандық жас футболшылар бар.

Осы жазда «Слован Братислава» клубы Барсегянға қызығушылық танытты. Словакиялық клуб Армения құрамасының ойыншысы үшін 250 мың доллар төлеуге дайын болды.