1 мин.

Жоао Пауло: «Барлық турнирлерде гол соғуға тырысамын»

Бразилиялық шабуылшы осы маусымдағы тоғызыншы голын соқты.

«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло Премьер-лиганың 23-турында «Ақжайықпен» (3:1) болған ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды алматылық клубтың баспасөз қызметі:

- «Қайраттың» жейдесіндегі алғашқы голымды соққаныма өте қуаныштымын. Мен жұмыс жасауды жалғастырамын, командаға көмектесемін және барлық жарыстарда гол соғуға тырысамын. Барлық жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді.