1 мин.

«Астана» «Оқжетпеспен» жолдастық матчын өткізеді

«Астана-Арена» стадионында бүгін «Астана» мен Көкшетаудың «Оқжетпес» командалары бақылау матчын өткізеді.

«Матчқа өз ұлттық құрамасына шақырылмаған ойыншылар мен қосалқы құрамдағы футболшылар қатысады», – деп хабарлайды елордалық клубтын баспасөз қызметі.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30 -да басталады.