1 мин.

Босния және Герцеговинаның қорғаушысы Чивич: «Қазақстанға қарсы матч қиын болады»

Босния және Герцеговинаның қорғаушысы Элдар Чивич 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанға қарсы матчтан не күтетінімен бөлісті.

«Рас, бізде бірнеше ойыншы жоқ және олардың жоқтығын сезінетін боламыз. Бірақ соған қарамастан бізде жақсы команда бар және алдағы матчтарда жақсы нәтижеге қол жеткізе алатынымызға сенемін. Қазақстан мен Украинаға қарсы екі матч та қиын болады, бірақ біз оларды барынша жақсы өткізуге тырысамыз», - деген ойыншының сөзін келтіреді Босния және Герцеговина футбол одағының сайты.

Қазақстан - Босния және Герцеговина матчы 9 қазанда «Астана Аренада» өтеді.