1 мин.

Адиев: «Осы кезеңге жеткенімізге қуаныштымыз»

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері Магомед Адиев Конференция лигасы аясындағы израильдік «Маккаби» Тель-Авив клубымен өтетін матч қарсаңында тілшілердің сұрағына жауап қатты. «Біз осы кезеңге жеткенімізге қуаныштымыз. Біздің барша жұмысымыз осы кезеңге жету үшін жасалды. Біз үшін бұл алға қарай жылжу болып табылады. Кездесуге келсек, ауыр текетірес күтеміз, қарсыласты оңай деуге келмейді. Өзім айтқандай, Маккаби — ертеңгі ойында да, қарымта матчта да 90 минут бойы бірқалыпты ойнауға тиісті тәжірибелі команда. Өзімізді көрсетіп, лайықты ойнауға тырысамыз», - деді Адиев. Сондай-ақ кеншілердің бас бапкері өз командасының жарақат алған ойыншылары жайлы қынжыла сөйледі. «Өкінішке қарай, бой көрсетпейтін ойыншылар бар. Тошев пен Чочиев жарақаттарына байланысты кездесуде ойнамайды. Рустемовичпен де мәселелер бар, кеше ол жаттығуға қатыспады. Габышевтың да ойынға шығуы екіталай. Алайда әлі бір күніміз бар», - деп сөзін тәмамдады бапкер.

«Шахтер» ФК