1 мин.

Лория «Астана» бас директоры қызметінен кетті

Бұл жайлы журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында жазды.

Оның ақпарынша, Давид Лорияны бүгін ҚР вице-премьері Ералы Тоғжанов тікелей өзі «Астана» ФК бас директорлық міндетінен алған. Мұнымен қатар оның орнына Тастанбек Есентаевтың тағайындалғаны белгілі болды.

 

Еске сала кетейік, Лория биыл маусым айында аталмыш қызметке Михаил Гурманның орнына келген болатын.

Дереккөз: Айдын Қожахмет