1 мин.

Черногория құрамасында өнер көрсететін «Қайрат» футболшысы коронавирус жұқтырды

Футболшы алдағы екі матчқа қатыспауы мүмкін.

«Қайраттың» 26 жастағы жартылай қорғаушысы Небойша Косовичтің Черногория құрамасы сапында коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже берді, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс» басылымы.

Одан бөлек, «Лацио» қорғаушысы Адам Марушич де вирус жұқтырған. Екі ойыншы да командадан оқшауланды.

Ойыншылар кеше 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Нидерландымен болған ойынға (2:2) қатыса алмады және 16 қарашада Түркияға қарсы өтетін матчқа да қатыспайды.

Небойша Косович 20 қараша күні Қазақстан кубогінің жартылай финалында «Астанамен» болатын қарымта ойынды өткізіп алуы әбден мүмкін. Алғашқы ойын 3:0 есебімен «Қайраттың» пайдасына аяқталған еді.