1 мин.

«Ақтөбе» Қазақстан құрамасының екі ойыншысына көз тігіп отыр

Қорғаушы позициясындағы Әлібек Қасым мен шабуылшы Оралхан Өміртаев «Ақтөбенің» қысқы маусым аралығындағы трансферлік тізіміне кіріп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сонымен қатар, «Ақтөбе» жас ойыншылар нарығын да мұқият бақылауда. Команда Қазақстан құрамасының ойыншыларын да сапына қосуы мүмкін. 

Клуб қазір Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесовпен келісімшарт жасады. Сонымен қоса, ақтөбеліктер Максим Самородовты да өз сапында қалдырмақ. Футболшыға ресейлік командалар көз тіккен болатын. 

Еске салайық, «Ақтөбе» өткен маусымда ҚПЛ-де алтыншы болды, алайда, келесі жылға команда алдына үлкен мақсат қойып отыр.