1 мин.

«Қайраттың» Конференция лигасынан қанша табыс тапқаны белгілі болды

Алматылық «Қайрат» Конференция лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матчын өткізіп, турнирдегі жорығын аяқтады және команданың бюджеті еурокубоктік маусымнан қанша қаражатқа толыққаны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Конференция лигасының топтық кезеңіндегі әр тең ойын үшін команда 195 мың АҚШ долларына ие болады. «Қайрат» топта кипрлік «Омониямен» екі мәрте 0:0 есебімен тең түсіп, жалпы 390 мың доллар сыйақы алды.

Ал «Қайраттың» осы еурокубоктік маусымдағы жалпы табысына келер болсақ, алматылықтар 3,85 миллион доллар (Конференция лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін 3,46 миллион доллар алды) қаражатқа ие болды.