1 мин.

Әзірбайжан ұлттық құрамасының ойыншысы қазақстандық клубпен келісімшартқа отырды

Футзалдан Әзірбайжан ұлттық құрамасының шабуылшысы Хади Ахмади «Араз-Нахчыван» клубынан кетіп, Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

27 жастағы ойыншы «Бәйтерек» командасымен келесі жылдың мамыр айына дейін келісімшартқа отырды.

Айта кетейік, «Бәйтерек» Қазақстан чемпионатында алтыншы орында келеді.

11 және 12 желтоқсанда команда «Қайратпен»  екі кездесу өткізеді. Ахмади бұл матчтарға қатысуы мүмкін.