1 мин.

ФИФА «Астана» клубына салынған трансферлік тыйымның күшін жойды

Благоевич өзі қалағандай команда құратын болады.

Расталмаған ақпаратқа сәйкес, ФИФА елордалық «Астанаға» жаңа ойыншыларды сатып алуға салынған тыйымның күшін жойды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Бұған дейін клубқа румыниялық жартылай қорғаушы Дорин Ротариу мен исландиялық футболшы Рунар Сигурьонссон алдындағы қарызы үшін жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, команданы жақында ғана сербиялық бапкер Срджан Благоевич тізгіндеген болатын.