1 мин.

«Шахтерді» келесі маусымда жаттықтыратын бапкер белгілі болды

Ресейлік бапкер Магомед Адиев қарағандылық «Шахтермен» келісім-шартын ұзартты. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты жазады.

Адиев кеншілерді сәуір айынан бастап жаттықтыра бастады. Бапкердің командадағы басты жетістігі Конференция Лигасында болды. Румынияның «Стяуасы» мен Украинаның «Колос» клубтарын қос матчтың қорытындысы бойынша жеңген болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Кубогінің финалына дейін жетіп, пенальти сериясында «Қайратқа» есе жіберді.