1 мин.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы өзбекстандық клубтан кетті

Оның командасы төменгі дивизионға түсіп қалды.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев өзбекстандық «Андижан» клубынан кетті, деп хабарлайды Sports.uz сайты.

«Супер лигадан түсіп қалған «Андижаннан» 8 ойыншы кетіп қалды. Белгілі болғандай, «Андижан» өз алаңында «Навбахордан» ұтылғаннан кейін 8 ойыншымен қоштасқан. Осылайша, соңғы турда «Туронға» қарсы ойында жас ойыншылар алаңға шықты.

Тарқатып айтсақ, «Андижаннан» Диёр Рахимқұлов, Миркомил Локаев, Асилбек Омонов, Владислав Васильев, Мардон Абдуллаев, Шерзод Гуломжанов, Абдулхай Исмоилов және Хуршид Убайдуллаев секілді ойыншылар кетті», – деп жазады сайт.

Естеріңізге сала кетейік, Владислав Васильев «Андижанға» биыл шілде айының соңында ауысып келген еді. Содан бері өзбекстандық клуб үшін 8 матч өткізіп, 1 гол соқты.