1 мин.

Құмар Ақсақалов: «Қызыл-Жардың» еурокубокке жолдама алуы Солтүстік Қазақстан футболы үшін тарихи жетістік»

Облыс әкімі бұған дейін стадионды жөндеу туралы уәде берген еді.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Қызыл-Жар» клубын Конференция лигасына жолдама алуымен құттықтады.

«Солтүстік Қазақстан футболы үшін тарихи жетістік. Біздің «Қызыл-Жар СК» клубы өз тарихында алғаш рет УЕФА Конференция лигасына қатыспақ. Жанкүйерлеріміз үшін көптен күткен оқиға. Бұл жетістіктің өңіріміздегі футболдың дамуына әсер ететіні сөзсіз. Барлық жанкүйерлерді осы оқиғамен құттықтаймын! Алға, Қызыл-Жар!»

Еске салайық, петропавлдық клуб маусымды төртінші орынмен аяқтаған болатын. Ал «Қайраттың» Қазақстан кубогін жеңіп алуы «Қызыл-Жарға» Конференция лигасының іріктеу кезеңінде ойнауға мүмкіндік берді.