1 мин.

Быстровтың командасы РПЛ-да қатарынан үшінші матчта жеңіске жетті

Грозныйда РПЛ 16-туры аясында «Ахмат» өз алаңында «Ростовты» 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Грозныйлық клубтың сапында Артем Полярус (пенальти) пен Сенин Себаи гол соқты. 

Осылайша, «Ахмат» РПЛ-да қатарынан үшінші ойында жеңіске жетті. Команда 16 матчтан соң 24 ұпай жинап, 7-орынға көтерілді.