1 мин.

«Қарабах» Конференция лигасындағы «Қайратпен» матч алдында бірніше ойыншыдан айырылып отыр

Әзірбайжандық «Қарабах» Конференция лигасының өз алаңындағы "Қайратпен» ойын алдында бірнеше футболшыдан айрылып отыр. 

Sportinfo.az мәліметінше, үшінші тур матчіне «Қарабахтың» үш футболшысы қатыспайды. Осылайша, Хайме Ромеро маусымды мерзімінен бұрын аяқтады – испаниялық жартылай қорғаушы ота жасатты.

Сонымен қоса, қорғаушылар Бадави Гусейнов пен Эльвин Джафаргулиев те жарақатынан сауығып жатыр.

«Қарабах» - «Қайрат» ойыны 21 қазан Бакуде өтеді, басталуы 22:45.